Атырау соты Қаңтарда ақпарат таратқан журналистің ісін қарауды бастады

Вертинская тапсырсы берушінің кім екенін айтқан жағдайда ғана кешірім беремін деді


24/01/2023
11:20 21980 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

23 қаңтарда Атырау қаласының №2 сотында «Дорожный контроль» порталының тілшісі Олеся Вертинскаяға жасалған шабуылға байланысты істі қарау басталды. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы хабарлады. 

 

Іс бойынша 23 жастағы жергілікті тұрғын Әлібек Меллятовқа айып тағылған. Ол кінәсін толық мойындап, сот залында журналистен кешірім сұраған. Адвокатымен бірге процесуалдық келісімге келгісі келетінін мәлімдеген. 

 

Олеся Вертинская шабуыл жасауға кім тапсырыс бергенін айтқан жағдайда ғана күдіктігі кешірім беретінін айтты. Оның айтуынша, соққыға жығылмас бұрын Меллятовты танымған, араларында ешқандай келіспеушілік болмаған. Ал, Меллятов шабуыл жасағанға дейін Вертинскаямен жанжалдасып қалғанын, артынан аңдып жүріп, соққыға жыққанын, ешкімнің тапсырыс бермегенін мәлімдеді. 

 

Оқиға былтыр 1шілдеде болған. Вертинская үйінен шыққан кезде белгісіз жігіт келіп көмек сұраған. Артынша бетінен ұрып құлатып, тепкілеген. Кейіннен сол маңнан өтіп бара жатқан адам арашалап, Вертинскаяның ұлы жедел жәрдем шақырған. Ауыр соққыдан Вертинскаяның мұрны сынған. Ол полицияға арыз жазған. 

 

Сотта сот-медицина сараптамасы Вертинскаяның денсаулығына бес пайыз зиян келгенін және жеңіл жарақат алған деп көрсеткені айтылды. Вертинская сотта бұған келіспейтінін, өзіне орташа дәрежедегі жарақат келді деп есептеп, жарақатының зардабын әлі көріп келетінін, түнде аузын ашып ұйықтауға мәжбүр екенін алға тартты.

Судья Зәуре Қазақбай тараптар процестік келісімге келуге 3 ақпанға дейін уақыт беретінін, егер келісімге келмесе, іс сол күні жалғасатынын айтты.

Олеся Вертинская өзіне жасалған қастандықты кәсіби қызметімен, әсіресе Қаңтар оқиғасымен байланыстырады.

Ол былтыр ақпан айында Қаңтар оқиғасы кезінде «кәсіби міндетін атқарғаны үшін ұсталғанын, полицейлер оны тергеп, қоқан-лоқы көрсетіп, қол жұмсағанын» айтқан. Сол кезде оның үстінен «бейбіт жиынды өткізу тәртібін бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Кейін құқық бұзу құрамы болмағандықтан, іс тоқтатылған.

Бұдан соң Вертинская Қаңтар кезінде өзіне қоқан-лоқы көрсеткен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үстінен және «Динамо» спортзалындағы «азаптау» бабы бойынша арыз берген. Бірақ ол іс былтырғы жылдың желтоқсан айында тоқтатылған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

24/01/2023 11:20
21980 0

Уведомление